8 шілде – Балық шаруашылығы күні.

Шілде 17, 2023

Балық десе, балығы тайдай тулаған Атырау өңірі бірден еске түседі. Ал 8 шілде – Балық шаруашылығы күні.

Осынау күні «Байтақ» партиямыздың Атырау облыстық филиалының төрағасы Руслан Күмісқалиев балық шаруашылығына еңбегі сіңген жұмысшылармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Оның айтуынша, балық шаруашылығы қиындығы мен қызығы қатар жүретін, түрлі кездейсоқ оқиғалар мен кедергілерге толы сала. Балық шаруашылығы тек азық-түлік өндірісі ғана емес, Атырау өңірінің экологиялық тұрақтылығының маңызды бөлігі. Балықшылар судағы биоәртүрлілікті сақтауға және табиғат пен өнеркәсіп арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

«Біз «Байтақ» партиясы табиғи ресурстарды тиімді және жауапкершілікпен пайдалануды қолдаймыз. Күн сайын бүкіл қазақ халқының игілігі үшін еңбек етіп, қоршаған ортаға қамқорлық жасап жүргендерге құрмет көрсетеміз. Балық шаруашылығын дамыту арқылы сіздер табиғатқа ғана емес, елдің экономикасына да пайда тигізіп отырсыздар», – деді Р.Күмісқалиев.