Құрметті құрылыс саласының мамандары!

8 августа, 2025

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында елді мекендер еңселеніп, қалалар көркейіп, еліміздің келбеті жаңарып келеді. Қарапайым кірпіштен бастап, зәулім ғимараттарға дейін сіздердің маңдай терлеріңізбен, қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде бой көтеруде.

«Байтақ» жасылдар партиясы атынан әрқайсыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін! Жасаған әрбір игі іс, әрбір қадам елімізге береке мен баян әкелсін!

Құрметпен,
Азаматхан Әміртаев
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы