Қайрат Айтбай: «Дәстүрлі шараны ескеріп, жаңғыртуға үлес қосқандарыңыз үшін рахмет»

Наурыз 15, 2023

Бүгін “Байтақ” жасылдар партиясының аймақтық Республикалық және Семей, Қызылорда, Алматы, Шымкент, Түркістан облысы филиалдарының штаб мүшелері Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы аумағында көрісіп, бірін бірі “Амал мерекесімен” құттықтады.
Түлкібас ауданы, Көксағыз ауылы, “Шынар бастау” табиғи демалыс аймағында “АБАЙ ЖИДЕБАЙ” Халқаралық қоғамдық қоры “Көрісу күні” мерекесін ұйымдастырды.
Қызылорда облысынан келген “Ел құрметі” қоғамдық қорының құрметті ардагері, зейнеткер Сақбаев Жақай, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлебаев Кенжехан және Запастағы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің полковнигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Құрметті қызметкері, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Тастайбек Жарқынбековке, Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының мүше-корреспенденті Оспанов Серік Рапілбекұлына және профессор – эколог, Түркістан қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат, «Байтақ» жасылдар партиясы атынан бір мандатты ұсынған Әбілда Мейірбековке, Филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы, А.Яссау атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Мақсат Әліпханға, Түлкібас кенті ардагерлер ұйымының төрағасы Жалбуров Ермек және Айтбаев Қошқарбайға сөз беріліп, елдің алдында жүрген, зиялы абыз ақсақалдарымыз өз баталарын беріп, тілек ниеттерін білдірді.
Саясаттану ғылымының докторы, Академик, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы халықтар Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Ш.Мұртаза атындағы Қайырымдылық қордың төрағасы, Байтақ жасылдар партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Айтбай Қайрат Орынбайұлы: «Армысыздар ағайын, бүгінгі “Көрісу күні – Амал мерекесі” құтты болсын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Осындай айтулы, дәстүрлі шараны ескеріп, жаңғыртуға үлес қосқандарыңыз үшін “АБАЙ ЖИДЕБАЙ” Халқаралық қоғамдық қорына ерекше алғысымды білдіремін,-деді.
Сонымен қатар, шараға Түркістан облыстық филиал төрағасы Бекжан Нәлібай, Шымкент қалалық филиал төрағасы Құрмет Керімбеков, Түркістан облысы және Шымкент қаласы мәслихаты депутаттығына үміткер Данияр Жетпісбаев, Алишер Есмағанбетов, Төребек Байтасов, Мейірбеков Әбділдә, қатысты.