«Қазіргі ұрпақ болашаққа үмітпен қарап, үлкен өзгерістер күтуде» – «Байтақ» партиясы

Наурыз 11, 2023

Бүгін Медеу тау шатқалында жастар арасында экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция өтті. Іс-шараны Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттар Айнұр Сәбитова мен Мартель Владимир Александрович жастармен бірге денсаулық баспалдағымен көтеріліп, «Байтақ» партиясының туын көкке көтерді. Акция аясында өткізілген іс-шаралар экологиялық мәдениетті, спортты дамытуға және салауатты өмір салтын ұстануға байланысты болды. Айнұр Сәбитова бүгінгі жастар өте белсенді және позитивті екенін атап өтті.
«Қазіргі ұрпақ болашаққа үмітпен қарап, үлкен өзгерістерді күтуде. Мұндай сәттерде экологиялық жауапты адамдардың біртұтас қоғамын құру тәсілдерін дұрыс қалыптастыру және түсіну өте маңызды. Мұндай қоғам өз кезегінде ауаның, судың және табиғаттың тазалығы сияқты мәселелермен күресетін болады», – деді Парламент Мәжілісіне кандидат Айнұр Сәбитова. Мартель Владимир Александрович, өз кезегінде Медеу тау шатқалында өткізілетін барлық іс-шаралар экологиялық мәдениетпен және табиғатқа ұқыпты қараумен байланысты екенін айтты.
«Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын ұстану және оны дамыту үшін іс – шаралар өткізу өте маңызды», – деп атап өтті кандидат. Ұйымдастырушылар акцияны басқа қалаларда да өткізуге шақырды. Партияның пікірінше, мұндай бастама биліктің назарын аударуға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Кандидаттар өз мүдделестерімен бірге іс – шаралардың барысын бақылап отырған барлық азаматтарды 19 наурыздағы сайлауда ниеті түзу, Парламент Мәжілісіне таңдалған жағдайда ауаның тазалығы, табиғатты қорғау және Қазақстан экожүйесінің ластануы мәселелерін кеңінен насихаттайтын ең таза партия – «Байтаққа» дауыс беруге шақырды.