Қазақстан мен Моңғолия: экология мен инвестиция саласындағы әріптестікті дамыту жолында

1 августа, 2025

Моңғолияның танымал кәсіпкері, 25-тен астам қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, алтын және көмір кен орындары мен құрылыс компанияларының бас директоры Жанжориг Волоож «Байтақ» жасылдар партиясының орталық аппаратына келіп, партия төрағасы Азаматхан Әміртаевпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы экология, мәдениет, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту, инновациялық жобаларды іске асыру және бизнес жүргізудің жаңа мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.