Қазақстанның экологиялық болашағын ғылыми тұрғыда шешу мақсатында «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Орта Азия экологияны зерттеу институты» арасында маңызды кездесу өтті.

25 июня, 2025

Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастаған делегация институт мамандарымен бірлесіп, су тапшылығы, ауа сапасы, топырақтың тозуы сынды өзекті мәселелерді талқылады. Жиын барысында экологиялық саясатты ғылыми зерттеулермен ұштастырудың маңыздылығы атап өтіліп, нақты жобалар мен сараптамалық жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

Азаматхан Әміртаев:
«Экология – ұлттың денсаулығы мен болашағы. Біз ғылыммен бірге жұмыс істеуге дайынбыз», – деп мәлімдеді.

Кездесу нәтижесінде өңірлік экологиялық зерттеулерге қолдау көрсету, бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісім жасалды. Бұл – партия мен ғылыми орталықтың экологиялық серіктестігінің жаңа кезеңі.