Қазақстанның «Байтақ» Жасылдар партиясы «Allur auto» компаниясының 4-ші автосалонының құрылысына қарсы қоғамдық қабылдау өткізеді.

Сәуір 2, 2023

Қазақстанның «Байтақ» Жасылдар партиясы ағымдағы жылдың 2-сәуірінде сағат 13:00-де Тұран көшесі, 55Г мекен-жайындағы жер учаскесіндегі «Allur auto» компаниясының 4-ші автосалонының құрылысына қарсы қоғамдық қабылдау өткізеді.

Сот шешіміне сәйкес 2022-жылдың 15-желтоқсанында автосалон құрылысына тыйым салынған. Жер учаскесі алаң салуға берілген. Соттың талабы бойынша автокомпания қоршауды, құрылыс материалдарын, фундаменттік свайларын алып тастап жер учаскесін алғашқы қалпына келтіруі керек. Алайда «Allur auto» басшылығы сот талабын орындауға асықпайды. Шешім шығарылған сәттен бастап ешқандай шара қабылданған жоқ.
Осыған байланысты, Қазақстанның «Байтақ» Жасылдар партиясы ағымдағы жылдың 2-сәуірінде сағат 13:00-де алаң салу үшін берілген жерді сақтап қалу мақсатында Есіл ауданының тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау өткізеді.
Сіздің азаматтық ынтымақтастығыңызға үміттеніп, келіп қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның басталу уақыты: 02.04.2023ж. сағат 13:00.
Өтетін орны: Тұран көшесі, 47-үй, «PrimaFieri» банкет залы.