Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Республикалық IV съезінде көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовті Нобель бейбітшілік премиясына ұсыну рәсімі ресми түрде өткізілді.

19 декабря, 2025

Нобель комитетінің талаптарына сәйкес үміткер ұсыну рәсімі Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы бағдарламасының авторларының бірі, Олжас Сүлейменовтің Бірінші кәсіби Парламенттегі серігі, философ-академик, «Халықаралық Түркі-Славян академиясының» президенті Досмұхамет Нұр-Ахметке сеніп тапсырылды.

Барлық қажетті құжаттарға қол қойылып, тиісті тәртіппен расталғаннан кейін, олар Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Төрағасы Азаматхан Әміртаевпен бірге ұлттық пошта операторы – «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне ресми түрде табысталды. Құжаттар қабылданып, жөнелтуге рәсімделді.
Осылайша, Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік премиясына ұсыну рәсімі халықаралық талаптарға толық сәйкес орындалды.

Съез барысында партия Төрағасы алдағы уақытта Франция өкілдерімен, Жапониядағы серіктестермен және Орталық Азия елдеріндегі әріптестермен халықаралық келіссөздер жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл кездесулер бастаманың халықаралық деңгейде қолдауын кеңейтуге және Олжас Сүлейменов кандидатурасын бірлесіп ұсыну мен қолдауға бағытталмақ.