Олжас Сүлейменов –Нобельдің бейбітшілікті сақтау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін арнайы премиясына ұсынылды.
Конференцияда партия төрағасы Азаматхан Әміртаев қазақтың көрнекті жазушысы және «Невада–Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменовті Нобельдің бейбітшілікті сақтау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін арнайы премиясына ресми түрде ұсынғанын жариялады. Бұл шешім — оның жаһандық бейбітшілік пен ядролық қауіпсіздікке қосқан тарихи үлесін халықаралық деңгейде мойындау.
Алматы экологиясын жақсартуға арналған жаңа бастамалар
Партия Алматыдағы түтін, автокөлік шығарындылары және көмірмен жылыту сияқты өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін жаңа технологиялық жобаларды таныстырды.
Ұсынылған шаралар қатарында:
- ауа сапасын цифрлық бақылау;
- смарт-көлік жүйесі;
- жасыл дәліздер құру;
- көмірсіз энергияға көшу;
- өнеркәсіптік экологиялық аудит;
- эко-стартаптарды қолдау.
Партия волонтерлері қала бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, көгалдандыру мен ағарту жұмыстарына белсенді қатысады.
Конференцияда қоғам қайраткері, экология саласындағы кәсіпкер Алма Қараш Алматы қалақы филиалының төрайымы болып сайланды.
Оның бастамасымен «Алматыға таза ауаны қайтарамыз!» атты жаңа экологиялық бағдарлама іске қосылады.
Қалалық экожобалар: ауа тазарту мұнаралары
Алма Қараш ұсынған жоба аясында Алматыда құны 100 мың АҚШ долларынан асатын 1500 ауа тазарту мұнарасын орнату жоспарланып отыр. Инвесторлар жобаны толық қаржыландыруға дайын.
Сонымен бірге кешенді шаралар қабылданады: - жанармай сапасын жақсарту;
- автопаркті электромобильдерге ауыстыру;
- жеке секторды көмірден газға немесе орталық жылуға көшіру.
Бұл шаралар зиянды шығарындыларды бір жыл ішінде 70%-ға дейін азайтуы мүмкін.
«Ұлы даланың жасыл елшісі» — Сапар Аманжолұлының есебі
Экобелсенді Сапар Аманжолұлы бірнеше ай бойы Қазақстанды қарсы бағытта жүріп өтіп, 12 000 км жол жүрген сапарының қорытындысын ұсынды. Ол: - ауа сапасын,
- өзен-көлдердің ластануын,
- орман мен жайылымдардың жағдайын,
- қоқыс полигондары мен заңсыз үйінділерді зерттеп, ұлттық экологиялық карта дайындады.