Құрметті әріптестер!
2025 жылдың 2 желтоқсанында, сағат 12:00-де
Алматы қаласында, Қазақстан Баспасөз-клубында
(БЦ «Сәтті», Самал-2 шағын ауданы, 58-үй)
«Байтақ» жасылдар партиясы бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлы даланың – Жасыл
елшісі» республикалық экологиялық веложорығының аяқталуына арналған прессконференция өтеді.
Жоба маусым айында Алматыда басталған. Оның авторы — Сапар Аманжолұлы, ол
велосипедпен 12 000 шақырым жүріп өтіп, Қазақстанның шамамен барлық өңірлерін
қамтыды. Маршрут келесі қала және елді мекендер арқылы өтті:
Алматы – Қонаев – Талдыкорған – Үшарал – Аягөз – Өскемен – Семей – Курчатов –
Павлодар – Екібастұз – Қарағанды – Теміртау – Астана – Көкшетау – Петропавл –
Қостанай – Жетіқара – Ақтөбе – Орал – Атырау – Арал – Байқоңыр – Қызылорда –
Түркістан – Сарыағаш – Шымкент – Тараз – Луговой – Мерке – Қордай – Алматы.
Экологиялық велотур барысында Сапар Аманжолұлы еліміздің әр өңіріндегі нақты
экологиялық проблемаларды өз көзімен көріп, мына бағыттар бойынша фото-, бейнежәне аудиоматериалдар жинады:
- ауа сапасы,
- су ресурстары,
- топырақ жағдайы,
- орман алқаптары мен жайылымдар,
- өнеркәсіптік аймақтар,
- өзендер, көлдер мен полигондар,
- суармалы жерлер.
Пресс-конференция барысында сапар қорытындылары, бірегей материалдар және әр
өңірдің шынайы экологиялық ахуалына қатысты автордың жеке бақылаулары ұсынылады.
Презентациядан кейін қонақтарға кофе-брейк ұсынылады.
ZOOM арқылы да қосылуға болады.
Байланыс телефоны:
+7 701 820 0177 — Сабира Сүлейменова