Пресс анонс: Әлеуметтік сұраныс «7-20-25»

Маусым 12, 2023

АСТАНА – 2023 жылғы 14 маусымда «Қазақстанның «Байтақ» жасыл партиясы» ҚБ «Әлеуметтік сұраныс 7-20-25» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Шешілетін басты мәселе – 2018 жылдан бері «7-20-25» әлеуметтік ипотекалық несиелендіру бағдарламасы жұмыс істеп, қазірдің өзінде 70 мыңға жуық отбасы әлеуметтік ипотекалық баспанаға қол жеткізді. Алайда биылдан бері бұл бағдарламаны қаржыландыру бес есе қысқартылды. Мұндай жағдай экономикаға зиянын тигізіп, осы бағдарлама бойынша баспана ала алмайтын еңбекке жарамды халықтың наразылығын туғызады. Бұл бағдарламанын қаржыландыруының қысқаруы көптеген отбасылардың жеке баспана алудан үмітін үзуі мүмкін.

Бұл іс-шараға қатысушылар:

  • ҚР Қаржы министрлігі
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
  • ҚР Ұлттық Банкі
  • Астана қаласының әкімдігі
  • ҚР Еңбек департаменті
  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»;
  • «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ;

БАҚ-ты аккредиттеу үшін:
Тел: +7 (707) 719 41 89
Пошта: media@baytaq.kz

Өтетін орны: Астана қ., көш. Д.Қонаева 7, Rixos President Astana, Орда залы.
Уақыты: 10:00 (тіркеу 09:30)

  • Іс-шараны ұйымдастырушылармен және/немесе спикерлермен сұхбаттасу үшін алдын ала өтініш жіберуіңізді сұраймыз
    Соңғы жаңалықтарды әлеуметтік желідегі парақшаларымызда таныс бола аласыздар.