2025 жылғы 4 желтоқсанда, сағат 11:00-де Алматы қаласында «Байтақ»
жасылдар партиясы Алматы филиалының V партиялық конференциясы
өтеді.
Конференцияда алғаш рет Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға
арналған кешенді шаралар жоспары таныстырылады. Жоспарды
эколог мамандар мен қоғамдық ұйымдар бірлесе әзірлеген.
Күн тәртібі:
- партия филиалының жаңа төрағасын сайлау;
- саяси кеңесті сайлау;
- «Алматыға таза ауа қайтарамыз!» жоспарын таныстыру.
Журналистер үшін маңызды мәлімдемелер, жаңарған команда, сондай-ақ
Алматы ауасының жай-күйі жөніндегі эксклюзивті деректер ұсынылады.
Іс-шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылады.
Мекенжай: Алматы қ., Ramada қонақ үйі, Байтұрсынов көш., 27/1,
конференц-зал №6
Пресс-қызмет:
+7 (747) 568-22-09 — Тимур Ибрагимов