«Майбалық көлін қорғайық!» атты сенбілікке шақырамыз!

Тамыз 3, 2023

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

«Байтақ» жасылдар партиясы табиғатты аялауға және жасыл аумақтарды жақсартуға арналған экологиялық акцияларын жалғастырады. Біз Астананың барлық жанашыр және қоршаған ортамыздың жағдайына немқұрайлы қарамайтын азаматтарын «Майбалық көлін қорғайық!» атты сенбілікке шақырамыз!

Іс-шара 5 тамыз 2023 жылы өтеді. Майбалық көліне дейін жету үшін 5 тамыз күні таңертеңгі сағат 10:00-де «Байтақ» жасылдар партиясының орталық аппаратына жиналамыз. Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қ.Аманжолов 32/1. Осы жерден сенбілікке қатысатын адамдарды Майбалық көліне апарып-әкелетін арнайы автобус шығады.

Біз қаламызды жасыл желекке айналдыру, тазалығын сақтау, баршамызға өмір сүруге жайлы ету мақсатында бірге еңбек етейік! Әсем қаламыз Астанада қоршаған ортаны сақтауға және жасыл оазистерді құруға үлес қосу үшін бізге қосылыңыз!

Қолдауларыңызға рақмет және сенбілікте кездескенше!

Құрметпен, «Байтақ» жасылдар партиясы