Жезқазған жастары жаңашылдыққа жақын

Маусым 7, 2023

Мысты шаһардағы “Жасыл ел” жасағы жастарымен кездесуде осындай ой түйдім,- дейді “Байтақ” жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев.

Партия көшбасшысы Ұлытау облысына іссапары кезінде жас облысты жасыл желекпен көмкеруге өз қолтаңбаларын қалдыру мақсатында еңбек етіп жүрген жастармен еркін форматта пікір алмасты.

Биыл облыс бойынша 500 жас еңбек жасағына тіркеліп, туған жерін көркейтуге үлестерін қосып жүр. Жасылдар партиясының төрағасының жастардың жасыл экономика, жаңа технология, жас көшеттерді күтіп- баптаудың ерекшелігі, АЭС салудың зияны мен пайдасы, шикізатқа ғана негізделген экономиканың тиімсіздігі, жасылдар партиясының ғылымды дамытуға байланысты ұстанымы тұрғысында қойған сауалдары мен пікір- ұсыныстары көңілінен шықты. Болашақта “Жасыл ел” жастарымен жасылдар партиясы жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға дайын, – деп атап өтті партия төрағасы Азаматхан Амиртаев.