Жеті партия өкілдерінің қатысуымен өткен партияаралық диалогта Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. 14 спикер ел дамуының стратегиялық негізін айқындайтын маңызды нормаларға тоқталып, құжаттың саяси, құқықтық және қоғамдық маңызын саралады.
Пікірталас барысында Конституцияның тек заңдар жиынтығы емес екені атап өтілді. Бұл – мемлекеттің құндылықтарын айқындайтын, билік пен қоғам арасындағы келісімді бекітетін, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігінің негізін қалыптастыратын басты құжат.
Диалогта экологиялық мәдениетті нығайту, заң үстемдігін күшейту, азаматтық жауапкершілікті арттыру секілді басым бағыттар қозғалды. Сарапшылар жаңа нормалар қоғамның саяси мәдениетін арттыруға және мемлекеттік басқарудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңа Конституция жобасы – елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған стратегиялық қадам.
Қорытындылай келе, орнықты даму мен экологиялық жауапкершілік мәселесін мемлекеттік деңгейде бекіту бастамасын «Байтақ» жасылдар партиясы қолдап, бұл бағыттағы жүйелі ұстанымын тағы да нақты көрсетті.