«ЖАҢАРУ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 февраля, 2026

Астана қаласында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының орталық кеңсесінде Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы делегациясының кездесуі өтті.

Кездесуге «ЖАҢАРУ» қозғалысының төрағасы Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы, құрметті төраға Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы, ұйым белсенділері, сондай-ақ «Байтақ» жасылдар партиясы атынан партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, төраға орынбасары Есин Данияр Нурашұлы және партия қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан қоғамының өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасу өтті.

Аталған кездесу партияның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.