«Байтақ» жасылдар партиясы Қазақстанның экологиялық проблемаларына қарсы күрес бойынша өз қызметін үздіксіз жалғастыруда.
Бүгін партия «LS Kokshetau» ЖШС қоқыс өңдеу зауытында болып, басқосу барысында қоқысты жіктеп-жіліктеп бөлу үдерісіне және қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыруға қатысты қиындықтармен екжей-текжейлі таныстырды.
Компания басшысы қонақтарға өндіріс көлемі мен қабылдауды ұйымдастыру туралы айтып берді.
Сондай-ақ елдегі шыны және пластик ыдыстарда өндірілетін өнімнің жалпы көлемі, сондай-ақ пайдаланылған ыдыстарды дұрыс кәдеге жаратпау нәтижесінде қайта өңделетін қоқыстың көлемі бойынша толыққанды деректер ұсынылды. Зауыттағы сала мамандарымен кеңінен кеңесу партия белсенділеріне тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты мәселелерді тереңірек түсінуге және түйткілдерді шешу бойынша жұмыстарды жандандыруға дем берді. Кәсіпорын басшысы осы мәселені шешу жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, партия қызметіне қолдау білдірді.
Зауытты аралағаннан кейін Көкшетау қаласындағы Достық үйінде жергілікті тұрғындармен «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті кездесуі өтті. Кездесу партия бағдарламасы мен экологиялық жобаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысқандар арасында жергілікті ұйымдардың өкілдері, белсенділер мен қала тұрғындары болды. Басқосу барысында партияның атқарушы хатшысы Көптілеуов Нұрлан Болатұлы Қазақстандағы экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған маңызды мақсаттар мен басты басымдықтарды айтып берді. Сонымен қатар, Нұрлан Болатұлы партия жұмысының барысы және іске асырылған жобалар туралы ақпаратпен бөлісті.
Мәслихат депутаттығына кандидат Мариям Серікқызы Әбішева тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату проблемасымен күресуге бағытталған жобаларды іске асырудағы өз тәжірибесімен бөлісті. Осыдан кейін өзара пікір алысу ашық диалогқа ұласты. Қала тұрғындары көптен бері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз идеялары мен тың ұсыныстарын айтты. Қоқыстарды сұрыптау, қайта өңдеу және ауаның ластануына байланысты өткір тұрған өзекті мәселелер көтерілді.
Кездесу соңында партия өкілдері жиынға келушілерге шараға белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, риясыз ризалық білдірді. Сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа үлкен үміт артатынын жеткізді.