“Есірткіге жол жоқ” – челлендж

Маусым 20, 2023

Түркістан облысында, 17 — маусымда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар арасында белең алған басты мәселе нашақорлық жайында айтты.

“Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр.”- деді Қазақстан Республикасының Президенті. Осы тұрғыда, Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы синтектикалық есірткіге қарсы күресті қолдайды.

“Байтақ” партиясы мен өңірлік филиалдардың ұйымдастыруымен, 22-маусым күні сағат 11:00 де “Есірткіге жол жоқ” атты флеш моб челленджі басталады. Бірінші болып Жамбыл облысы “Байтақ” партиясы филиалының өкілдері мен мүшелері челенджді бастап Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және т.б. еліміздің өңірлеріне челленджді жолдайтын болады.

Аталмыш шараның басты мақсаты синтетикалық есірткіге қарсы күрес және жастарға синтетикалық есірткінің залалы мен зиянын барынша саналарына жеткізу. Біздің ұрпағымыз, біздің болашағымыз!

БАҚ-ты аккредиттеу үшін:
Тел: +7 (707) 719 41 89
Пошта: media@baytaq.kz

Өтетін орны:
Уақыты: 11:00 (тіркеу 10:30)

  • Іс-шараны ұйымдастырушылармен және/немесе спикерлермен сұхбаттасу үшін алдын ала өтініш жіберуіңізді сұраймыз

Соңғы жаңалықтарды әлеуметтік желідегі парақшаларымызда таныс бола аласыздар.