Бүгін экобелсенді, «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси Кеңес мүшесі Сапар Жаймурзин партияның орталық аппаратына келіп, партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың қабылдауында болды

1 августа, 2025

Кездесу барысында Сапар Жаймурзин қазіргі уақытта жүріп жатқан «Ұлы Даланың Жасыл Елшісі» велоэкспедициясы туралы, экспедиция аясында жиналған ұсыныстар, картаға енгізілген экологиялық проблемалар мен халықпен өткен кездесулердің нәтижелері ортаға салынды.

Азаматхан Әміртаев өз кезегінде бұл бастаманың маңызын атап өтіп, жасыл идеяларды ілгерілету жолында мұндай қоғамдық жобалардың қажеттілігіне тоқталды.

Кездесуден кейін экспедицияға арналған арнайы баспасөз конференциясы өтті.