Өтетін күні: 2025 жылғы 22 тамыз
Басталу уақыты: 10:00
Іс-шара: Дөңгелек үстел
Өтетін орны: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 4
«Radisson Astana» қонақ үйі, 3-қабат конференц-залы
Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясы экология саласындағы жетекші сарапшылармен бірлесіп, елімізде жаңа экологиялық идеологияны қалыптастыру қажеттілігіне байланысты ашық пікірталас өткізеді.
Партия мен эколог-мамандардың пікірінше, ҚР Экология министрлігі қазіргі таңда экологиялық жағдайды жақсартуға емес, негізінен экологиялық төлемдерді жинауға бағытталған фискалдық орган қызметін атқарып отыр. Бұл – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жалға негізделген (ренталық) саясаттың салдары. Соның кесірінен халық денсаулығы экологиялық төлемдер арқылы өтелетін ресурсқа айналып, ірі табиғат пайдаланушылар тарапынан төленбеген төлемдер жыл сайын 350 млрд теңгеден аса қаржының бюджетке түспеуіне әкеліп отыр.
Соңғы 10 жылда онкологиялық аурулар үш есеге өсіп, бүгінгі таңда онкологиялық есепте 350 мыңнан астам адам тұр. Жыл сайын 40–45 мың жаңа онкологиялық жағдай тіркелуде. Аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі ең жоғары өңірлер – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қарағанды және Павлодар – яғни ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары.
Партия жүргізген зерттеу нәтижелері атмосфералық ауаның жай-күйі мен халықтың онкологиялық, аллергиялық және жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығуы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. 2003 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта стационарлық көздерден бөлінетін шығарындыларды тазарту деңгейі 0–3% шамасында ғана қалып отыр. Ал қалдықтарды өңдеу үлесі 2003 жылы 38% болса, 2024 жылы ол 30%-ға дейін төмендеген.
2003–2007 жылдары «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, 2007 жылы Экологиялық кодекс, ал 2021 жылдан бастап жаңа Экологиялық кодекс күшіне енген. Соңғысы ЭЫДҰ стандарттарына толық сәйкес деп жарияланғанымен, іс жүзінде жағдай жақсармай отыр. Қазіргі уақытта радиоактивті қалдықтардан басқа барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, алайда шығарындылар мен қалдықтарды өңдеу мәселесі күрделене түсуде. Сонымен қатар, қауіпті қалдықтарды көму үшін төлем алу тетіктеріндегі жүйелі кемшіліктерге назар аударылады. Мысалы, тек «АЗХС» ЖШС бойынша соңғы 3 жылда мемлекет бюджеті 10 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған. Бұл ретте қалдық көлемі әлдеқайда үлкен «ERG.KZ» АҚ, «Қазцинк» АҚ, «Kaz Minerals» АҚ секілді кәсіпорындармен салыстырғанда «АЗХС» ЖШС көлемі әлдеқайда төмен. Жоғарыда аталған ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша бюджет жыл сайын 350 млрд теңгеден астам қаражатты жоғалтып отыр. Саланың дамуы тежелген.
Дөңгелек үстел бағдарламасы:
• Қазақстанның жаңа экологиялық идеологиясы тұжырымдамасының таныстырылымы
• Қалдықтарды басқару жүйесіндегі өзекті мәселелер
• Қауіпті қалдықтар үшін төлем жүйесі және оның тиімділігін арттыру жолдары
• Экологиялық саясатты реформалау бойынша ұсыныстар
Спикерлер:
- Олег Пак – Қазақстанның «BAYTAQ» жасылдар партиясы төрағасының орынбасары, «Парасат» кәсіпкерлер альянсының басқарма төрағасы
- Нурлан Хамзабаев – Халықаралық Т.Мандела қорының денсаулық сақтау саласына инновациялар енгізу жөніндегі бас кеңесшісі, онкологиялық ауруларды HIFU терапия әдісімен емдеу жөніндегі халықаралық жобаның жетекшісі, профессор
- Жомарт Әлиев – ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
- Сайран Рамазанов – Эколог-сарапшы
БАҚ өкілдерін аккредиттеу бойынша
Сүлейменова Сабира
Тел: +7 701 820 0177
oleg@baytaq.kz