Байтақ партиясы мен Маңғыстау облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық – қоршаған ортаны қорғауда жаңа бетбұрыс

5 августа, 2025

Ақтау қаласы 5 тамыз 2025 жыл – Қазақстанның Байтақ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Әміртаев және Маңғыстау облысы филиалының жаңа төрағасы Аллаберген Қонарбаев өңірлік экология мәселелері жөніндегі өзекті тақырыптарды талқылау мақсатында Mаңғыстау облысы әкімінің қабылдауында болды.

Кездесуде Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай өз сөзінде мемлекеттің экология мәселесіне жауапкершілікпен қарауды,аймақтың тұрақты дамуына ерекше назар аударатындығын атап өтті.

Экология және экожобалар

Азаматхан Әміртаев Маңғыстау облысының экологиялық проблемалардың өзектілігіне тоқталды. Олар келешекте Байтақ партиясы мен әкімдік бірлесіп атқарылар ауқымды жобаларды таныстырды, оның ішінде:
• Қоқыс жиналған аймақтарды тазарту және қайта өңдеу процесін ұйымдастыру;
• Каспий жағалауын тұрақты мониторинг арқылы тазарту шараларын енгізу;
• Жергілікті экобелсенділер мен тұрғындарды тарту арқылы ағаш отырғызу, сенбілік ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру;
• Экологиялық ағарту және жастарды қорғау бағытындағы білім беру жобаларын жүзеге асыру

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОЛЫ:

Әкімдік пен партия арасындағы ынтымақтастық жаңа форматты – қоғамдық тыңдаулар, жобалық сессиялар, экология қайраткерлерімен диалог арқылы нығаймақ.

Бұл кездесу – Байтақ партиясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасындағы экология саласындағы стратегиялық серіктестіктің нақты көрінісі. екі тарап экологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешуге ниетті екені анық көрсетілді.

Бұл бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты қадамдарды жүзеге асыруға жол ашады.