“Байтақ” партиясы мен “Жасыл Даму” акционерлік қоғамының жиыны

Маусым 27, 2023

Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы мен “Жасыл Даму” акционерлік қоғамы басшылығының бірлескен отырысы өтті. Жиынға, “Байтақ” партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай мен “Байтақ” партиясының хатшысы Владимир Мартель, “Байтақ” партия төрағасының экологиялық сұрақтар бойынша кеңесшісі Азамат Аяйбергенов сондай ақ, “Жасыл Даму” басқармасының төрағасы Ержан Сәрсенбай, “Жасыл даму” басқармасының төраға орынбасарлары Нұржан Кабдолданов пен Азат Абайдильдин қатысты.

Айта кетейік, “Жасыл Даму” өнім қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құруға және осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдеседі, «жасыл» технологияларды енгізуді жүзеге асырады. Қазіргі таңда, компания Қазақстанның барлық аймақтарында қалдықтарды жинау мен қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жүргізуде.

Осы тұрғыда, “Байтақ” партиясы, “Жасыл Даму” акционерлік қоғамымен бірлесе жоспарлар мен жобалар құру туралы өз ара келіссөз жүргізді. Партия тарапынан қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, пиар саласын дамытуды сонымен қатар жаңа идеяларды жүзеге асыруға шақырды.