«Байтақ» партиясы «КазГидроГеология» институтымен бірлесіп, сараптамалық жұмыстар жүргізеді

Мамыр 26, 2023

«Байтақ» партиясының Төрағасы Азаматхан Амиртаев қызметтік іс-сапармен Атырау облысына келді. Іс-сапар барысында, «КазГидроГеология» институтының басшысы Едіге Сабуровпен кездесті. Е.Сабуров жер асты суларының мәселелерін жетік меңгерген өз ісінің маманы. Жерасты суларын халық игілігіне пайдалану тәсілдерін көптен бері көтеріп жүрген, ардагер гидролог. Жер асты суларының базасын жақсы біледі. Кездесу барысында партиямен бірігіп атқаруға болатын жұмыстар барысы талқыланды.

Сонымен қатар, Қызылқоға ауданындағы арнасы құрғап жатқан Ойыл өзенінің мәселесін шешу жолдары қарастырылды.

Азаматхан Сайлауұлы «КазГидроГеология» институтының басшысының көп жылдар бойғы зертеу жұмыстарының нәтижесін мұқият тыңдап, алдағы уақытта бірлесіп сараптамалы жұмыстар жүргізетінін айтты.