«Байтақ» партиясының Төрағасы қызметтік іс-сапармен Батыс Қазақстан облысында

Мамыр 22, 2023

«Байтақ» партиясының Төрағасы қызметтік іс-сапармен Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында, Жәнібек, Казталовка және Бөкей Ордасы ауданының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, Халықаралық сарапшылармен бірге киіктердің Орал популяциясының көп шоғырланған аймағына барды.

Қазіргі уақытта Батыс өңірінде киіктердің көбейіп кетуіне байланысты, шаруаларға түсіп жатқан ауыртпалықтарды ескере отырып, киіктерді рационалды пайдалануға беру туралы ұсыныстарды қарастыру үстінде. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімімен, Облыстық экология департаменті басшылығымен кездесіп, өңірдегі бірқатар қоршаған ортаға қатысты мәселелерді талқылады.

Азаматхан Сайлауұлы өзендердің ластануы мен құрғап қалу мәселелері, арналарда заңсыз құрылыстар салу фактілері, елді -мекендерді сумен жабдықтау жөнінде өз ойымен және шешу жолдарымен бөлісті. Партияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын арттырып, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.

Партия осы мақсаттар аясында аянбай еңбек ететін болады.