«Байтақ» партиясының мүшелері отандық өндірушілермен кездесті

Наурыз 7, 2023

Қазақстанның «Байтақ»  жасылдар партиясының Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар «Алтын Адам»  тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Жергілікті және шетелдік нарықтарда тең бәсекелестік үшін шаралар қабылдау мәселелерін және партия мүшелерін ерекше алаңдататын бірқатар сұрақтарды талқылады.    

Кездесуге «Байтақ» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Құрмет Керімбеков, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Сейдулла Кеңесбай және Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Данияр Жетпісбаев қатысты. 

Филиал төрағасы Құрмет Керімбеков зауыт ұжымына «Байтақ» жасылдар партиясының бағдарламасын таныстырып, экологияға қатысты мәселелерге жеке тоқталды. Партия мүшелерінің пікірінше, Отандық өндіріс бүгінгі таңда мемлекет экономикасын дамыту жолындағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстандық тауарлар, оның ішінде «Алтын Адам» тігін фабрикасының өнімдері көптеген марапаттарға ие.  Экологиялық таза және қолжетімді өндірістің сапасы мен технологиясы ерекшеленетіндіктен билік тарапынан қолдауды қажет етеді. .   

Партия өкілдері осы компанияның жұмыс барысымен танысып, оларды қызықтырған мәселелерді талқылады. Үміткерлер өз бағдарламаларын түсіндірді.