«Байтақ» жасылдар партиясы 17 тамызда Астанада «Ауыз су және су ресурстары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Тамыз 2, 2023

Бұл тақырып бойынша сөз сөйлейтін жергілікті және халықаралық сарапшылар шақырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – су ресурстарын басқару бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар алу.

Таза, сапалы су барлығына қолжетімді болуы керек. Су ресурстары мәселесін шұғыл шешу қажет. Біз бәріміз ыстық жаз маусымында айналада не болып жатқанын көріп отырмыз және одан әрі не болатыны бізді алаңдатып отыр.

Бізге осы мәселені реттеу үшін ғалымдар мен мамандардың ұтымды шешімі қажет. Ал күтуге уақыт жоқ. Өйткені, Экзюпери жазғандай, «Су! Сен тек өмірге қажет емессің, сен өмірдің өзісің».