Сайлау жақындаған сайын дайындық та қызу. «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері «Жасыл Ел – Тараз» ЖШС-і еңбек ұжымымен кездесті. Партияның бағыт-бағдарларын, мақсат-міндеттерін түсіндірді. Саяси науқанның маңызы жайында сөз қозғады. Көне шаһардың көркеюі бағытында күнделікті жұмыс атқарып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Кездесуге қатысқан жұмысшы азаматтар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Басқосуға 30-дан адам қатысты.
Айта кетсек, «Жасыл Ел – Тараз» мекемесінде жалпы саны 691 адам қызмет етеді. Штатта 375 адам болса, қоғамдық жұмысшы 316, ал келісім шартпен 27 адам еңбек етуде. Жұмысшылар жолдың санитарлық тазалығын сақтап, қаланы көріктендіру, абаттандыру мен көгалдандыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинап, шығарумен айналысады. Қызметкерлердің орташа жалақысы – 150 мың теңге. Серіктестік балансында жалпы саны 124 бірлік техника бар.
Анықтама: «Байтақ» жасылдар партиясы Жамбыл облысы бойынша 9 үміткерді тіркеген. 10 ауданда үгіт-насихат жұмысы жүргізілуде. Облыс бойынша партия мен кандидаттар туралы 30 баннер ілініп, үгіт-насихат материалдан 15 мыңға жуық листовка жасалып, 8 мыңға жуық флаер, 14 мыңға жуық буклеттер жасалған. Қазіргі таңда партияда 120-дан аса үгіт-насихатшылар бар.