«Байтақ» жасылдар партиясы Маңғыстау облыстық филиалының IV конференциясы өтті

5 августа, 2025

Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалының IV конференциясы өтті. Конференция жұмысына партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Әміртаев арнайы қатысты.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
Саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының құрамын сайлау;
Партия филиалының жаңа төрағасын сайлау;
Бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекіту.

Конференция қорытындысы бойынша:

Саяси кеңеске 13 адам, ал саяси бюроға 7 мүшеден тұратын жаңа құрам бекітілді.
Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болып Аллаберген Қонарбаев тағайындалды.
Партиялық бақылау-тексеру комиссиясының құрамына 3 адам кірді.

Бұл конференция өңірдегі партиялық жұмысты жандандыруға және алдағы экологиялық бастамаларды тиімді іске асыруға бағытталған маңызды қадам болды.