«Байтақ» жасылдар партиясының Ұлытау облыстық филиалы IV конференциясын өткізді

11 сентября, 2025

2025 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ұлытау облыстық филиалының кезекті IV конференциясы өтті. Іс-шараға Партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Әміртаев, партия белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері, эколог-сарапшылар, жастар ұйымдары мен БАҚ қатысты.
Конференция барысында партия Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттарды қолдай отырып, өңірде экологиялық мәдениетті нығайтуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға, жасыл энергетиканы дамытуға және «Таза Қазақстан» бастамасын ұлттық деңгейдегі экологиялық идеологияға айналдыруға бар күшін салатынын атап өтті.
Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Ұлытау облысы филиалының саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау
Филиал төрағасын сайлау
Атқарушы хатшыны сайлау
Бақылау-ревизиялық комиссия құрамын бекіту
Жиын қорытындысы бойынша Ұлытау облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Алимбаев Қаныбек Фаниғажимович сайланды. Ол – өңірге белгілі қоғам қайраткері, партияның жасыл бастамаларын ілгерілетуге белсенді атсалысып жүрген азамат.