«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Сейсенович Алинмен кездесті

15 сентября, 2025

Кездесу барысында партияның жасыл бастамалары мен өңірдің экологиялық мәселелері талқыланып, ардагерлер тарапынан қоғамдағы экологиялық мәдениетті нығайту ісіне қолдау білдірілді. Ардагерлер кеңесі партияның табиғатты қорғау жолындағы жұмысына баталарын беріп, жас ұрпақты экологиялық тәрбиеге баулудың маңыздылығын атап өтті.
Ақсақалдар “Байтақтың” бастамаларына қолдау білдіріп, қоршаған ортаны қорғау жолындағы партия жұмысына баталарын берді.