«Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері Экология министрлігі жанындағы жұмыс тобына енді

25 июня, 2025

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрған «Қазақстан Республикасында барлық түрдегі қалдықтарды басқару тұжырымдамасы» жөніндегі жұмысшы сараптамалық топтың құрамына «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері енгізілді.

Аталған жұмыс тобына партия атынан келесі мамандар енді:
Олег Пак – «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының орынбасары
Азамат Аяйбергенов – партия төрағасының кеңесшісі
Ержан Оразалинов – Жасыл саясат департаменті басшысының орынбасары
Сайран Рамазанов – эколог

«Байтақ» партиясы бұл жұмысқа қатысуды елдегі қалдықтарды басқару жүйесін экологиялық және тұрақты жолмен жаңғыртуға қосылған маңызды қадам деп санайды.