«Байтақ» жасылдар партиясының Аппарат басшысы Бекберген Керей Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Желтоқсан 7, 2023

Іс-шараға Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Иордания, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Эстония шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, конференцияға ҚР бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, Парламенттің депутаттары, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері және т.б. қатысты.

Аталған шара аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси партияларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. «Байтақ» жасылдар партиясы өз кезегінде ҚР конституциялық реформасы сайлау жүйесін жетілдіруге ниетті екенін хабарлады.