Алты Алаштың анасы – «Сыр еліне» іс-сапар

Мамыр 15, 2023

«Байтақ» партиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен, осыдан бір жыл бұрын, Арал қаласында халықаралық «Экомарафон» өткізілді. «Арал» тақырыбында Халықаралық Экологиялық Конгресс өткізіп, Аралымыздың мәселесіне әлемнің тағы бір назарын аударған болатынбыз.
Бүгін, «Байтақ» партиясының көшбасшысы «Арал» қаласында экономикалық форумға шақырту алып, партияны белсенді түрде қолдайтын Қызылорда еліне іс-сапармен келді. Облыста партияның филиалы, алғашқы өкілдіктеріміздің бірі болып ашылған, осы Қызылорда өңірі еді. Қазіргі таңда мыңдаған адам партия мүшесі атанды.
Бұдан бұрын партия көшбасшысы Азамтахан Амиртаев «ҚазСуШар» басшылығымен «Шардара» су қоймасының төменгі ағысындағы қордаланған мәселелерді қарастырып, жоспарлы түрде, бірігіп шешу бойынша келіссөздер жүргізген болатын.
Қызылорда өңірінде филиал төрағасы Б. Нұрхожаевтың көгалдандыру бойынша атқарып жатқан еңбегін, барлық Сыр жұртшылығы біледі.
Егістік аймақтарды лазерлік тегістеу бойынша, шаруалар суды үнемдеу мүмкіншілігіне ие болса деген мақсатпен ұсыныстар үкіметке тапсырылды.
«Байтақ» партиясы, әрдайым Сыр Халқымен бірге!