1. Туған күні (күнi, айы, жылы) 01.04.1965
2. Қызылорда облысы, Арал ауданы
3. Талдықорған заң институты
4. Заңгер
5. Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы (МОАА) – адвокат
6. Партиялық ұстаным: Таза ауа. Таза су. Таза жер. Таза адам.
7. 1990 жылдары: Арал теңізі тартыла басталуында «Тамшы» экологиялық қоғамдық ұйым құру; Тәуелсіздік үшін күресте «Азат қозғалысы» мүшесі, жетекшілерінің бірі; Невада-Семей-Азғыр конференциясына қатысушы; Арал-Балқаш және Қазақстан экологиясы мәселелері жөніндегі қоғамдық комитеттің мүшесі.
1997-2019 ж.ж. Прокуратура(прокурор көмекшісі, облпрокуратура бөлім бастығы), сот саласының қызметкері(қалалық, облыстық соттардың судьясы, аудандық сот төрағасы). Марапаттар: Жоғарғы Сот, облыстық сот алғыс хаттары, Түпқараған ауданының Құрмет грамотасы, Ауыл еңбегі медалі.
Отбасы бұзылуын азайту мақсатында аудан әкімімен бірге жасалған Отбасы-LAIF жобасының авторы.
2020 жылдан бері қарай Арал ауданындағы «Тұран ойпаты-Арал теңізі» ҚҚ-нің ұйымдастырушысы, болашақта «Оғыз», «Тұран» немесе «Арал» деген атаумен 1950-60 ж.ж. Арал өңірінде облыс құрылу идеясын жалғастырушы, 2021 жылғы «Арал құрылтайы» өткізіліп, жұтқа қатысты төтенше жағдай жариялауға қолдаушы, «Арал тағдыры-адам тағдыры» Байтақ-Тұран халықаралық экологиялық Конгресін ұйымдастырушылардың бірі, 2021-2022 ж.ж «Аралға су келе ме?» -Экомарафон-2022 халықаралық экологиялық акциясының идея авторы және ұйымдастырушы, алдағы «Арал-еркін экономикалық аймақ ЕЭА -2023 «Экологиялық апат аймағынан жасыл экономика авангарды аймағына айналу» ұстанымы идеясын және «Ұлттық құрылтай-Қарақұм құрылтайы-2024» идеяларының авторы, ұйымдастырушылардың бірі. «Байтақ» жасылдар партиясының құрылуының қолдаушысы. Жеке «Жауқашар» өлең-толғаулар кітабының авторы. Әлеметтік желіде белсенділік: Ю-туб, Фейсбук каналдар(бизнес-акаунд), Инстаграмм «Нуртуган Туржанов».