Медетқали Нұрғазиев

Саяси кеңес мүшесі

Мен Нұрғазиев Медетқали Жаулыбайұлы, 1985 жылы, 3 ақпанда, Атырау обылысы, Жылыой ауданы (ескі атауы Гурьев обл, Ембі ауд), Құлсары қаласында қарапайым совет отбасында алты ағайынның кенжесі болып дүниеге келдім.
Менің ұлтым қазақ, әкем Адай (Ақбота), шешем Таз (Жастабан) жергілікті руларынан. Қазіргі таңда анам бар, жасы 80де, ол кісі ауданда медицина саласында қызмет етіп сол саладан медбике болып зейнетке шықты, ал әкем 1941 туылып мұнай саласында өмір бойы ұңғымаларды цементпен тампондау жұмысын атқарды, сол саланың ЦА-320 агрегатын басқарып 1996 жылы зейнетке шықты, ол кісі менің 14 жасымда 1999 жылы дүние салып Жадырасын қауымында орын тапты.
Жоғарыда аталған аудандағы, құлсары қаласының №1ші орта білім беретін (ол кезде гимназия) мектебін 1900-1999 жылдары аралығында орта білім алдым. 1999-2003 жылдары аралығында Маңғыстау Гуманитарлық колледжін бітіріп «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» және «Аудармашы референт» мамандықтарын игердім.
Шетел тілін меңгерген соң маған Теңіз кенішіне жұмысқа орналасуым оңайырақ түсті, себебі менің оқу бітіру жылым обылыстағы ең ірі жоба болып саналатын ТШОдағы «Екінші Буын Зауытының» құрылысымен қатар келді. Ол жерде алты құрлықтан келген адамдар мен әлемнің түпкір түпкіріндегі аралдармен архипелагтардан келген экспат жұмысшылармен араласып мәдениеттері туралы білім алмастыру маған өте қызық болды
Қызметтегі Хронологиям бойынша: 2002 жылы Маңғыстау обл, Ақтау қаласы № 16 мектепте сынып жетекшісі рөлінде бір жылдық практикадан бастадым, 2003 жылы Eyurest Rayteon Support Services (ERSS) мекемесінде практикамды аяқтадым, кейін сол жылы дипломымды алғаннан соң, 2004 жылы Теңіз кен орнында Арктик констракшн атты канадалық мекемеде «қауіпсіз техника инженері» мамандығынан бастадым карьерамды. 2006 жылы жанұялық дәстүрді жалғастырып мұнай саласына оралғым келіп құлсары қаласындағы БТ корпорациясының «Жасулан и Компания» бұрғылау мекемесіне «қауіпсіз техника инженері» болып кіріп сол жерде қауіпсіз техника бөлімінің бас жетекшісіне дейін көтерілдім, жолай жүре т.б. бұрғылау мекемлерде қосымша қызмет атқардым, мысалға ИРАДИ сервис мекемесінде «қауіпсіз техника инженері» мамандығын қосымша игеріп жүрдім, Ақжан Жылыой мекемесінде техникалық директор лауазымында отырдым, оының барлығын сол БТ корпорациясында жұмыс жасап жүріп қатар игердім, Жылыойдың 95% мұнай кендерінде қызмет атқардым, бірде 2011 жылы морской кен орнында жұмыс берушінің шетел өкілетімен кездесіп бастапқы игерген ағылшын тілін ұмытыңқырап бара жатқанымды сездім. Дереу сол жылы LG корпорациясының инвестициясымен Жылыойдағы «шөлқара» кен орнын игеруге «ИПЦ мұнай» мекемсінде қауіпсіз техника бөлімінің инженері болып орналасып, аталған мекеменің барлау (разведка) бұрғылауы бірнеше рет сәтсіздікке жолықты, кейін сол жылы халықаралық Nabors Drilling International Ltd мекемесінде 2011-2016 жылдары аралығында қауіпсіз техника бөлімінің координаторы қызметін атқардым, кейін 2016 аяғында қызмет етіп жатырған халықаралық мекемемді (мәжбүрлі) Қазмұнайгазбен бірлесетін болғасын саяси көзқарастарым келіспей ол жерден кеттім. Содан 2019ға шейін үш жылдық интервалда жеке кәсіппен айналыстым. 2019да Теңіз кенішінде Денхолм Жолдас компаниясына қауіпсіз техника бөлімінің инженері болып орналастым. 2020 жылы сол Теңіздегі (ККЖ/FGP) Келешек Кеңейту Жобасына Тесла Тан ЖШС мекемесінің кәбілді басқару бөлімінде «қауіпсіз техника бөлімі менеджері» лауазымында қызмет етітім. 2022 жылдан қазірге бүгінге шейін КМГ Паркер Дриллинг компаниясында 258ші Бұрғылау Қондырғысында Техника Қауіпсіздігі супервайзері қызметін атқарып келемін. 2023 жылы Қызметтік хронологиямда атқарған 19 жылдық тәжірбиемнің 15 жылы еңбек қауіпсіздігі саласында атқарыппын және әліде жалғастырудамын.
Қазіргі таңда қосымша арқалап жүрген жұмыстарым:
-Жылыой аудандық «Қоғамдық Кеңесі» мүшесі
-Байтақ жасылдар партиясының Саяси Кеңесінің Мүшесі
-Қоғам Белсендісі
Оқуымды толықтыру мақсатында 2021 жылы Орал Техникалық Университетіне түстім, бұйыртса 2025 жыл «Еңбекті Қорғау» мамандығын игеріп шығамын..
Жанұялық жағдайым: 2007 отбасы құрдым, жолдасым Жаспеноа Қарлығаш 1988.12.12 туылған, екі ұл, бір қыз дниеге әкелдік. Балаларым Медетқалиұлы Бекарыс, Медетқалиқызы Айару және ұлым Медетқалиұлы Ақназар-Т.
Мекен жайым: Құлсары қаласы, оңтүстік аэропорт, Жүніс Жарылғасов көшесі, 248 үй.
Мобильді телефон және Whatsapp: +7 776 000-33-44
email: mnurgaziev@mail.ru