Бүгін «Байтақ» жасылдар партиясының ғылыми-сараптамалық кеңесі су тасқыны мәселесін және оның алдын алу шараларына байланысты баспасөз конференциясы өтті.

Сәуір 8, 2024

Отырыстың тақырыбы: «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін». Сарапшылар мен «Байтақ» партиясының мүшелері су тасқынына және оның салдарына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексін жетілдіру қажеттілігін талқылады.

Су тасқыны жыл сайын ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Қолданыстағы Су кодексі климаттың өзгеруіне және басқа да факторларға байланысты қазіргі кезде туындаған сын-қатерлерді толық көлемде ескермейді.

Отырыста су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша нақты ұсыныстар қаралды. Осы өзекті проблеманы шешуге кешенді әдістеме әзірлеу жоспарланып отыр.

Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрамына су ресурстары, экология, табиғатты пайдалану және осыған ұқсас саласының беделді ғалымдар мен сарапшылар кірді. Олар еліміздің жетекші ғылыми және білім беру мекемелерінің жоғары білікті мамандар.

Түрлі білім салаларынан жетекші сарапшыларды тарту су тасқыны проблемасын жан-жақты қарауға, бүгінгі күні туындаған мәселелерді ескере отырып, Су кодексін жетілдіру бойынша салмақты және негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін болады.

Спикерлер:

Әміртаев Азаматхан – «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы;

Сағитов Абай Оразұлы – «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі

Жанай Сағин, PhD докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры;

Әшіряев Клим Шавкатұлы, т.ғ.к., профессор, суды үнемдеу мәселесі бойынша халықаралық сарапшы;

Әбіров Асқар Абашұлы, т.ғ.к., инженер-гидротехник, Ғылыми-техникалық және экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;

ҚР Парламентінің депутаттары, қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті органдар және т.б.