Бізге атом электр станциясы керек пе? Энергетикалық реформаны талдау үшін «Байтақ» Жасылдар партиясы бір топ сарапшыларды жинайды

Қазан 11, 2023

2023 жылдың 12 қыркүйекте сағат 11.00-де Silteme баспасөз клубында, (Астана, Достық көшесі, 3) «Атом энергетикасы – салиқалы шешімдер» тақырыбында «Байтақ» Жасылдар партиясы баспасөз конференциясын өткізеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын орындау аясында «Байтақ» Жасылдар партиясы энергетиканы реформалау мәселелері бойынша жан-жақты зерделеу және халыққа кеңінен түсіндіру үшін ғалымдар мен сарапшылардың басын қосуға бастамашы болады.

«Энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де шешу қажет. Бұл салада қолдан келгенше өз ресурстарымызға арқа сүйеген абзал. Басты міндет электр энергетикасы саласына жүктеледі. Алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылады. Түптеп келгенде, Қазақстан электр қуатын басқа жақтан алмауға тиіс, яғни көршілес елдерге тәуелді болмауы керек. Біздің қазіргі ахуалымыз мәз емес. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Жалпы, қай жағынан алып қарасақ та, бұған мүлде жол беруге болмайды. Әрине, жаңартылатын энергетика жобаларын жүзеге асыру да жалғасады. Су электр станцияларын дамыту мәселесі назардан тыс қалмайды. Электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Оған экономиканың аса маңызды жеке саласы ретінде қараған абзал. Осы салаға қатысты қазіргі ұстаным негізінен өзектілігін жоғалтты. Енді жаңа шешімдер керек.Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Сондықтан өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшы ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді Президент өз жолдауында.

Бүгінгі таңда қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясының базасында атом энергетикасының экологиялық және экономикалық құрамдас бөлігін жұртшылық үшін терең талдау және түсіндіру жоспарын бірлесіп әзірлеу алаңы ашылып жатыр. «Байтақ» командасы АҚШ, Қытай, Франция, Жапония, Корея және Ресейде қолданылатын технологияларды туралы тәжірибені ескере отырып, әртүрлі экологиялық артықшылақтарын салыстырады.

Спикерлер:

Әміртаев Азаматхан – «Байтақ» Жасылдар партиясының Төрағасы;

Сахиев Саябек Куанышбекович- МЭРК Ядролық физика институтының бас директоры;

Мартель Владимир – «Байтақ» Жасылдар партиясының хатшысы;

Керей Бекберген – «Байтақ» партиясының Жасыл саясат департаменті директорының орынбасары.