Алматыда Қазақстанның «Baytaq» жасылдар партиясының құрылтай конференциясы өтеді

Қаңтар 13, 2023

2023 жылдың 13-ші қаңтарында, сағат 10.00 Қазақстанның «Baytaq» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының құрылтай конференциясы өтеді.

Конференция аясында партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау бойынша салтанатты рәсімі өткізіліп, Қазақстанның «Baytaq» жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының саяси бюросы құрылатын болады.

Өтетін орны: Алматы қ., Достық даңғылы 104 а, «Novotel» қонақ үйі, «Elstar» конференц-залы.

Анықтама: «Baytaq» партиясы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылдың 28 қарашасында тіркелді. Партияның жетекшісі – белгілі эколог, Ұлттық Құрылтай мүшесі Азаматхан Әміртай.