Партиялық тәртіп пен Жарғы нормаларын өрескел бұзып, жұртшылыққа шындыққа сай емес ақпарат таратып жатқаны үшін бұл азаматтарға ҚР заңнамасына және партиялық Жарғыға сәйкес қатаң шара қолданылатынын жеткізеді.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, өз жұмысын штаттық режимде толық атқарып, партия төрағасы А. С. Амиртаев бүгін ғана Қостанай өңірінен іс-сапардан Астана қаласына оралғанын және қазіргі таңда орталық аппаратта, өз жұмыс орнында екенін жеткіземіз. Партия төрағасының алдағы күндері бірнеше өңірлерге іс-сапары келісілген күйде сақталып, штаттық режимде атқарылады.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы орталық аппараты.