«Байтақ» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

Ақтөбе қаласында өткен «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалының IV конференциясы барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Дауыс беру нәтижесінде «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болып Уббиниязов Ерадил Жиенбаевич сайланды. Ерадил Жиенбаевич – танымал спорт қайраткері, қоғам белсендісі, тәжірибелі ұйымдастырушы. Ол – халықаралық деңгейдегі бокс жаттықтырушысы, Ақтөбе облысының әйелдер боксы бойынша бас бапкері. Спорт саласындағы […]

«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалының IV конференциясы өтті

Ақтөбе қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалының IV конференциясы өтті. Іс-шараға партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі мақсаттары:✅ Ақтөбе облысындағы экологиялық мәселелерді шешу бойынша стратегиялық бағыттарды талқылау;✅ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;✅ Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау. Конференция […]

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Ақтөбе облысының ардагерлерімен кездесті

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шанғұтовпен және өңір ақсақалдарымен арнайы кездесу өткізді. Сонымен қатар, Облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы Тәттігүл Талаева кездесуге қатысты. Кездесу барысында өңірдің экологиялық мәселелері, табиғатты қорғау шаралары және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру тақырыптары талқыланды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, қоршаған ортаны сақтаудағы дәстүрлі құндылықтардың […]

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Амиртаев Ақтөбеге іс-сапармен келді!

Партия төрағасын Ақтөбе халықаралық әуежайында партия өкілдері, аймақтың белсенділері мен қолдаушылары салтанатты түрде күтіп алды. Бұл сапар өңірдегі экологиялық мәселелерді талқылау, «Байтақ» партиясының стратегиялық бастамаларын ілгерілету және қоғаммен ашық диалог орнату мақсатында ұйымдастырылды. Күн тәртібінде маңызды кездесулер мен экологиялық жобаларды талқылау күтілуде.

19 ақпан күні Павлодар облысы, Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аймағында салынатын кірпіш өндіру өндірістік базасына экологиялық рұқсат алу материалдары бойынша қоғамдық тыңдау өтті

«Байтақ» жасылдар партиясының «Жасыл саясат» департаменті басшысының орынбасары Оразалинов Е.И. қатысып, бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Соның ішінде: Санитарлық аймақтың талаптарының бұзылуыҚалдықтарды басқару мәселелеріАуаның ластануын болдырмау шаралары «Байтақ» жасылдар партиясы экология саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалай отырып, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін жұмысын жалғастырады!

20 желтоқсанда «Байтақ» жасылдар партиясы AIDA атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығымен және «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірге өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды. 

Меморандумның негізгі мақсаты – атом энергиясын дамыту, ынтымақтастықты нығайту, инновациялар, экологиялық жауапкершілік пен озық технологияларды енгізу саласындағы бастамаларды ілгерілету. Бұл құжат тараптардың ортақ қызығушылық тудыратын мәселелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасуы мен консалтингті қарастырады. Басқосуда сөз сөйлеген «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев елдегі тұрақты энергетика мен экологиялық технологияларды белсенді түрде дамыту, қолдау партияның басты мақсаттарының бірі […]

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Шымкент қаласындағы іссапарын қорытынды жиынмен аяқтады!

Шымкент қаласына іссапарының соңында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевтың қатысуымен қорытынды жиын өтті. Жиынға Шымкент қалалық филиалының жаңа төрағасы Ордабеков Алтай Еркебекұлы, филиалдың саяси кеңес мүшелері, бюро мүшелері және партия белсенділері қатысты. Қорытынды жиында партия төрағасы өңірдің экологиялық мәселелерін талқылап, филиалдың 2025 жылға арналған нақты жоспарларын бекітті. Сонымен қатар, алдағы басымдықтар мен жасыл экономикаға […]

«Байтақ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалына жаңа төраға сайланып, жаңа офисінің есігі ашылды!

24 қаңтар күні өткен «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қалалық филиалының кезекті IV конференциясы аясында филиалдың жаңа төрағасы болып Ордабеков Алтай Еркебекұлы сайланды. Жаңа төраға партияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, экология саласындағы бастамаларды белсенді түрде қолдап, дамытуға уәде берді. Сонымен қатар, партияның Шымкент қаласындағы жаңа кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл кеңсе экологиялық мәселелерді талқылап, тұрғындардың […]

Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының кезекті ІV конференциясы өтті

24 қаңтар күні Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Шымкент қаласы филиалының кезекті ІV конференциясы сәтті өтті. Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен экология саласындағы сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында партия төрағасы Азаматхан Амиртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасап, экологиялық мәселелерді шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу […]

«Байтақ» жасылдар партия төрағасы Азаматхан Амиртаевтың іссапары ақсақалдармен кездесуден басталды!

23 қаңтар күні Шымкент қаласына іссапармен келген «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев өңірдің беделді ақсақалдарымен кездесіп, партияның стратегиялық мақсаттары мен экологиялық бастамаларымен таныстырды. Ақсақалдар табиғатты сақтау жолында «Байтақ» партиясы бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, өз баталарын берді. Сонымен қатар, олар экология мәселесіне қоғамды жұмылдырудың маңыздылығын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Бұл кездесу партияның халықпен тығыз байланысын […]