«ARAL — 2024» жасылдар партияларының I саммиті
BAYTAQ партиясының 2 жылдығына орай Түркістан қаласында «ARAL – 2024» І саммиті ұйымдастырылды.
Түркістан қаласында қазақстандық «Байтақ» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «ARAL – 2024» жасылдар партияларының I саммиті өтуде
Көптеген жылдар бойы Арал теңізінің жағдайы жаһандық мәселе болып қалып отыр. Орталық Азия мен Каспий аймағындағы елдер қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде Арал теңізін қорғау бойынша бірлескен шаралар қабылдап, келісімдер жасасуда. Биыл Бакуде өткен Дүниежүзілік климаттық саммитте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізін құтқару бойынша қолға алынған нақты қадамдарды атап өтті. Климаттың өзгеруімен күрес, Арал […]
BAYTAQ партиясының ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық деңгейдегі “ARAL – 2024” І саммитіне қызу дайындық жүргізілуде
Сонымен қатар саммитке арнайы ат терлетіп Моңғолия Халықтық Республикасынан да делегация келгенін айта кету керек.Экологиялық мәселелерді тілге тиек етіп, ортақ келісімдер жүргізуге арналған шараны бақылап отырыңыздар!
Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай және “ARAL – 2024” саммитіне қатысу үшін Ресей Федерациясының делегациясы келді
Делегация құрамында Ресейдің экологиялық “Зелёные” партиясының тең төрағасы Александра Кудзагова мен экологиялық партияның федеральді кеңесінің мүшесі Игорь Алабужин бар. Көрші елден келген қонақтарды BAYTAQ партия төрағасының экологиялық мәселелер бойынша кеңесшісі, Жасыл саясат департаментінің басшысы Азамат Аяйбергенов күтіп алды.
BAYTAQ партиясының ұйымдастыруымен өтетін “ARAL – 2024” І саммитіне қатысу үшін Моңғолия Халықтық Республикасынан да делегация келді
Бүгін кешке «Азаматтық ерік» («Гражданская воля») Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары Бат-Эрдэнэ Тогооч бастаған азаматтар Түркістанға табан тіреді.
Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай Түркістан қаласында өтетін «ARAL – 2024» саммитіне Қырғызстан елінен мәртебелі меймандар келді
Қырғызстанның жасылдар партиясының төрағасы Эркин Булекбаев, оның орынбасары Гульхан Борубаева, сонымен қатар, жасылдар партиясының Бішкек пен Жалалабад филиалдарының төрағалары Сагира Сыздыкова мен Феруза Ниязова және партияның ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейсенкул Джамбаев. Қырғызстанның жасылдар партиясының өкілдерін BAYTAQ партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев қарсы алды.
Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының 2 жылдығына орай 29 қарашада Түркістан қаласында өтетін «ARAL – 2024» I саммитінің қонақтары келіп жатыр
Бүгін Өзбекстан Экологиялық партиясы Орталық Кеңесі атқару комитетінің басшылары Комилжон Жураев, Камолжон Хурсанов, Хусанбой Дадабоев табан тіреді.Өзбекстандық делегацияны BAYTAQ партиясы төрағасының кеңесшісі, Жасыл саясат департаментінің басшысы Азамат Аяйбергенов күтіп алды.