Астана қаласында «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шара ARAL саммиті аясында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы бастамасымен ұйымдастырылды.

Конференцияда су тапшылығы, трансшекаралық өзендерді басқару, және өңірлік ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Шараға 15-тен астам елдің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар қатысты. «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде судың шектеулі ресурс екенін ескертіп, көршілес елдермен ынтымақтастық пен жаңа технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Ол Ауғанстандағы Кош-Тепе каналына тоқталып, бұл жобаның Әмудария арқылы Сырдария мен […]
19 мамыр күні Тараз қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық филиалының ІV кезекті конференциясы өтті

Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен экология саласындағы сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында Азаматхан Әміртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасап, экологиялық проблемаларды шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша нақты жоспарларымен бөлісті. Конференцияның басты қорытындысы – Жамбыл облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Баймуратов Нұрсұлтан Шәріпұлының сайлануы […]
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Миялы ауылдық округінің жаңа әкімі ретінде Аятбеков Нұрлан Әбжапарұлы қызметіне кірісті

Жаңа әкімді округ ұжымына Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы арнайы таныстырып, сәттілік тіледі. Салтанатты жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Данияр Садықбайұлы Нұрлан Әбжапарұлына әкім куәлігін табыстады. Іс-шараға мекеме басшылары, округ тұрғындары, сондай-ақ ақсақалдар алқасының өкілі Дәліғүл Сейдахметов ағамыз қатысып, жүрекжарды тілегін білдіріп, жаңа әкімге ақ батасын берді. Нұрлан Әбжапарұлы – ел мен жердің […]
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында басшылық құрам өзгерді

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында маңызды кадрлық өзгерістер орын алды. Атқарушы хатшы қызметін атқарған Нұрлан Көптілеутегі Болатұлы партияның Саяси кеңес құрамына сайланды және «BAIMEDIA» медиахолдингінің бас директоры болып тағайындалды. Оның орнына бұл жауапты қызметке Қуаныш Әлібек Нұрланұлы тағайындалды. Қуаныш Әлібек Нұрланұлы – жастар саясаты басшылығында, сонымен қатар қоғамдық жұмыстар мен экология саласында мол тәжірибесі бар кәсіби […]
«Байтақ» жасылдар партиясы Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қойды

9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Байтақ» жасылдар партиясы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастаған партия мүшелері қатысты. Бұл – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алып, олардың ерлігіне тағзым етуге арналған игі дәстүрдің жалғасы. Партия өкілдері бейбіт өмір үшін жанын қиған ардагерлердің рухына […]
Бір тамшы қан — бір үміт: «Байтақ» партиясы қан тапсыру челленджін бастады

Бүгін Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ерекше әлеуметтік-еріктілік акциясын өткізді. «Бір тамшы қан — бір үміт» атты акцияның негізгі мақсаты — қоғамда ерікті қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, қан тапшылығы мәселесіне назар аударту және әрбір адамның қайырымдылық жасауда нақты әрекет етуін қолдау. Іс-шара Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өтті. Осы шараға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, […]
Бір тамшы қан — бір үміт: Байтақтың игі бастамасы

30 сәуір күні «Байтақ» жасылдар партиясы ерекше челлендж бастайды. Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында партия төрағасы Азаматхан Әміртаев және белсенділер қан тапсырып, осы игі бастаманы қолдайды. Бұл челлендждің мақсаты — қоғамда қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, адам өміріне қажет болған кезде көмектесу, және әрбір адамның үлесімен қайырымдылық көрсету. Әр тамшы қан өмірге үміт сыйлайды, сол себепті […]
«Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғырды – ғылымға тағзым, табиғатқа қамқорлық!

2025 жылғы 11 сәуірде, Ғылым қызметкерлері күніне орай, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ауласында ел тарихында ерекше орын алатын айтулы шара өтті – «Сәтбаев сакуралары» қайта жаңғырып, жапон сакурасының екі жаңа көшеті отырғызылды. Бұл тарихи әрі символикалық акция «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың бастамасымен, партияның қолдауымен және Жастар қанатының белсенді атсалысуымен жүзеге асты. […]
“Таза Қазақстан”: Ортақ мүдде мен жаһандық жауапкершілік

Алматы, 5 сәуір 2025 жыл – Алматы қаласында “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара сәтті өтті. Бұл ауқымды жиын – Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың жаңа кезеңін білдіріп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды. Іс-шара “Байтақ” Жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері, қоғам қайраткерлері мен Мұхтар Шаханов, Асылы […]
“Таза Қазақстан” шарасына санаулы сағаттар қалды!

5 сәуірде Алматыда қоршаған ортаны қорғауға арналған ауқымды экологиялық шара өтпек! Ағаш отырғызу, ұлттық ойындар, қолөнер көрмесі – барлығы бір алаңда. Бұл – табиғатты қадірлеу мен ұлттық мұраны насихаттаудың керемет мүмкіндігі. Қатысушылар арасында қоғам белсенділері, дипломаттар мен көршілес елдердің жасылдар партиялары да бар. Ертеңіміз үшін бүгін қадам жаса!