Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен экология саласындағы сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында Азаматхан Әміртаев партияның стратегиялық бағыттары туралы баяндама жасап, экологиялық проблемаларды шешу, жасыл экономикаға көшу және ESG қағидаттарын енгізу бойынша нақты жоспарларымен бөлісті.
Конференцияның басты қорытындысы – Жамбыл облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Баймуратов Нұрсұлтан Шәріпұлының сайлануы болды.
Бұл конференция – өңірлік экологиялық саясатты күшейтуге, қоғамның экосанасын арттыруға және партияның аймақтық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам.