«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Алматыда жастармен кездесті. Басқосуға саяси ұйым мүшелері – белгілі заңгерлер, дипломаттар мен саясаттанушылар қатысты. Жүздесу аясында партия бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы науқанның маңыздығы айтылды. Алдыңғы толқын ағалар қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру төңірегінде әңгіме өрбітіп, жастардың ой-пікірлерін тыңдады. Шаһарда үгіт-насихат жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Партия белсенділері алдағы күндері де қарапайым сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кезедесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 3 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 13 үміткер бақ сынайды.
АЙНҰР СӘБИТОВА «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Аударма «Еркін диалог форматында өткен кездесу нәтижелі болды. Жастар тарапынан көп сұрақ қойылды. Олар тиісті жауаптарын алды. Аға буын мен бүгінгі жастар арасындағы қарым-қатынас осылай жалғаса беруі тиіс деп есептейміз».