Бүгін Қазақстан Республикасының саяси партияларының делегациясы Қытай Халық Республикасына іссапармен келді. Іс-шара Қытай Коммунистік партиясының ұйымдастыруымен өтуде.
Іс-шара барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының 20-шақырылымдағы мүшесі, Орталық Комитет хатшылығының мүшесі және Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі мырза Ши Тайфэнмен кездесу өтті.
«Байтақ» жасылдар партиясының делегациясы экологиялық бағыттағы әріптестерімен кездесіп, Іле және Ертіс өзендерінің экологиялық жағдайы, орман отырғызу және құрғақшылықпен күрес мәселелері бойынша ғылыми білім мен тәжірибе алмасуды мақсат тұтады.
Сонымен қатар, партиялық басқару мен ұйымдастыру саласындағы тиімді тәжірибелерді үйрену де бұл сапардың маңызды бөлігі болып табылады.
Көршілес елдермен тату әрі өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық орнату – аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуінің басты кепілі.