Қырғыз саясаткері Исхақ Масалиев «Байтақ» партиясына сәттілік тіледі

2 ноября, 2025

Бейжіңде өткен «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогының ІІ отырысы аясында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы делегациясы Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаты, Қырғызстан Коммунистер партиясының ОК төрағасы, «Бүтүн Қырғызстан» фракциясының лидері Исхақ Масалиевпен кездесті.
Кездесуде Исхақ Абсаматович Қазақстанның экологиялық қозғалысына жоғары баға беріп, «Байтақ» партиясына табыс тіледі:
«Табиғатты қорғау мен жасыл даму – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет. «Байтақ» партиясының жұмысы бүкіл өңірге үлгі боларына сенемін», – деді ол.
Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев өз кезегінде Қырғызстан мен Қазақстанның экологиялық, су және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті.
«Біздің экожүйелер ортақ. Су мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – аймақтық тұрақты дамудың кепілі», – деді Әміртаев.
Мұндай кездесулер Орталық Азия елдері арасындағы экологиялық серіктестік пен жасыл дипломатияны дамытуға серпін береді.
Жасыл даму – Орталық Азияның ортақ болашағы.