Делегация құрамында Ресейдің экологиялық “Зелёные” партиясының тең төрағасы Александра Кудзагова мен экологиялық партияның федеральді кеңесінің мүшесі Игорь Алабужин бар.
Көрші елден келген қонақтарды BAYTAQ партия төрағасының экологиялық мәселелер бойынша кеңесшісі, Жасыл саясат департаментінің басшысы Азамат Аяйбергенов күтіп алды.