Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қаласы филиалының IV Конференциясы өтті

23 июня, 2025

Алматы, 2025 жыл 18 маусым – Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы қаласы филиалының IV Конференциясы өтті. Конференцияда Алматының экологиялық мәселелері талқыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар бекітіледі. Сонымен қатар, партияның жаңа Төрағасы мен Атқарушы хатшысы сайланды, саяси кеңестің жаңа құрамы таңдалды.

Конференцияға қатысушылар:

  • Партия Төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Амиртаев;
  • Мемлекеттік органдар мен экологиялық сарапшылар;
  • БАҚ өкілдері.
  • Арнайы қонақ – халық ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов.

Алматы қаласы мен экология:
Алматы қаласы экологиялық жағынан күрделі жағдайды бастан кешуде. Қала ауасы жиі ластанып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруде. Қоғамдық көліктер мен өнеркәсіптің әсерінен атмосфералық ауаның ластануы артып, осы мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылданды.

Қосымша шара: «Таза ауа үшін» — экологиялық велотур басталды!
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы қоршаған ортаны қорғау жолында жаңа бастама көтеруде! Алматы облысы филиалының Саяси кеңес мүшесі Сапар Аманжолович Джаймурзин еліміздің экологиялық ахуалын зерттеу мақсатында Қазақстан бойынша велотурға аттанды!
Велосаяхаттың мақсаты — еліміздің әр өңіріндегі ауаның жағдайын зерттеп, нақты ұсыныстар әзірлеу. Сапар Аманжолович жол бойында Алматы мен басқа да қалалардағы экологиялық жағдайды зерделеп, халықпен кездесіп, көкжиекті кеңейтуге бағытталған идеяларды бөліседі.
Конференция аясында Сапар Аманжоловичті үлкен жолға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.