Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында маңызды кадрлық өзгерістер орын алды. Атқарушы хатшы қызметін атқарған Нұрлан Көптілеутегі Болатұлы партияның Саяси кеңес құрамына сайланды және «BAIMEDIA» медиахолдингінің бас директоры болып тағайындалды.
Оның орнына бұл жауапты қызметке Қуаныш Әлібек Нұрланұлы тағайындалды. Қуаныш Әлібек Нұрланұлы – жастар саясаты басшылығында, сонымен қатар қоғамдық жұмыстар мен экология саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман.
Бұл кадрлық өзгеріс партия жұмысының тиімділігін арттырып, басқару жүйесін нығайтуға, сондай-ақ экологиялық күн тәртібін одан әрі ілгерілетуге ықпал етеді деп күтілуде. Жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тілейміз.