Базаргүл Үмбетова өз құттықтауында Наурыз мерекесінің табиғатпен үндестігін, экологиялық тазалық пен тұрақты дамудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол партия төрағасына және барлық мүшелеріне денсаулық, береке-бірлік пен игілік тіледі.
Қазақстанда әрбір ұлт пен ұлыстың төл мерекесіне айналған Наурыз – жаңару мен ізгілік символы. Осы орайда, «Байтақ» жасылдар партиясы да өзінің әріптестері мен мүшелерін ұмытпай, жыл сайын бұл мерекені ерекше ықыласпен атап өтеді.
«Байтақ» жасылдар партиясы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоршаған ортаны қорғау мен жасыл экономиканы дамыту жолында өз миссиясын жалғастыра береді.